АЛМАТЫ, 21 мамыр - Sputnik. Петропавлда "Магнум" және "Семейный" сауда желілері иелерін бопсалағандар сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы.
Петропавл қаласының екі тұрғыны сауда желілерінен "рейд" деп аталатын бейнетүсірілімді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалаған.
"Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғаннын жазып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейін ақпаратты "Instagram" әлеуметтік желісінде және "Youtube" арнасына салған", - дейді прокуратура.
Сотталғандардың кiнәсi толық дәлелденді.
"Айыптау үкiмi алқабилердің қатысуымен шығарылып, екi адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды", - дейді облыстық прокуратура.
Үкім 6 мамырда күшіне енді.