Мысыр әуежайындағы қайғылы оқиға: марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесі шешілді

Марқұмның отбасына моральдық шығын төлеу мәселесі де шешілді
Sputnik
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мысыр әуежайында қайтыс болған Ақмарал Мұқанованың денесін елге жеткізу мәселесі шешілді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға әуежайда болған. Ақмарал Мұқанованың үстінен жарнамаға арналған конструкция құлаған.
"Алдын ала ақпаратқа сәйкес, бүгін оның денесі Қазақстанға жеткізіледі. Олар тасымалдау шығындарын өздері төлеп отыр", - деді Қуантыров мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, марқұмның отбасына моральдық шығын төлеу мәселесі де шешілді. Бірақ сомасын жариялаған жоқ. Себебі "бұл - жеке мәселе".
"Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Соның аясында тергеу жүргізіледі", - деді Қуантыров.
Сақтандыру компаниясы да кейбір шығындарды төлейтін болды.
Еске салайық, қайғылы оқиға Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде болған.
Египет әуежайында Қазақстан азаматы көз жұмды - SCAT пікір білдірді