АЛМАТЫ, 21 мамыр - Sputnik. Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханасы студенттерге қайтарылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ұлттық университеттің меншігіндегі жатақхана иеліктен заңсыз шығарылған.
"Жатақхананың жетіспейтіндігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы нысанды заңсыз жалға берген. Тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке жоғарғы оқу орны жалдаған", - дейді ведомство.
Бұл жекеменшік оқу орны кейіннен заң талаптарын бұзып, жатақхананы сатып алған. Қазіргі кезде студенттердің жатақханасы бизнес салаларына жалға берілген.
Ғимарат сот шешімімен ұлттық университетке қайтарылды.