Венгрия парламенті халықаралық қылмыстық соттың өкілеттілігін мойындамауды қолдады

Депутаттардың үштен екісінен астамы құжаттың қабылдануын қолдап дауыс берген
Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. Венгрия парламенті халықаралық қылмыстық соттың өкілеттілігін мойындайтын мемлекеттер қатарынан шығу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Заң жобасын 134 депутат қолдады, 37-сі қарсы болды, тағы жетеуі қалыс қалды.
Парламентке құжат ұсынған сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто Венгрия "халықаралық ұйымдарды, әсіресе қылмыстық соттарды саяси мақсатта пайдалануға үзілді-кесілді қарсы екенін" айтты.
Министрдің айтуынша, халықаралық қылмыстық соттың Рим мәртебесі Венгрия басылымында жарияланбаған, осылайша Венгрия ұлттық құқықтар құрамына енбеген.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан оның елі халықаралық қылмыстық сот соңғы жылдары бейтараптан саяси ұйымға айналғандықтан, оның құзыретін мойындайтын елдер қатарынан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Халықаралық қылмыстық сот Филиппиннің бұрынғы президентін қамауға алуға ордер берді