Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша келісімге келуді барлық тарап көздейді - Песков

Ол бұл мәселеде АҚШ пен Ресейдің көзқарасы ортақ екенін жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 20 мамыр – Sputnik. АҚШ Украинадағы жағдайдың тезірек реттелуіне мүдделі, Ресей де осы көзқараста, деп хабарлады журналистерге РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"АҚШ нәтижеге тезірек қол жеткізуге мүдделі екені анық. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп та айтты, ресейлік президент Владимир Путин де осындай көзқараста. пен бөліседі. Барлық тарап тез арада бітімге келуді көздейді", - деді Песков.
Сонымен қатар Песков Украинадағы жағдай ең алдымен осы қақтығыстың түпкі себептерін жою арқылы тезірек шешілуі қажеттілігін ескертіп, бүгін мұны Путин де айтқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл барлық жобадағы ең маңызды нәрсе.
Еске салайық, Путин мен Трамп кеше телефон арқылы сөйлесті. Олардың әңгімесі екі сағаттан астам уақытқа созылды және мазмұнды әрі пайдалы болды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамптың алдағы әңгімелесуі маңызды болады – Песков