АЛМАТЫ, 20 мамыр - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында құны 2 млрд доллар болатын 13 меморандумға қол қойды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Бүгінгі таңда өңір аумағында 45 қазақстандық-қытайлық кәсіпорын жұмыс істейді. Облыстың сыртқы саудасындағы ҚХР үлесі 20%-тен асады, бұл 1 млрд АҚШ долларынан асады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ делегаттар Алтай қаласында өткен "Алтай – біздің ортақ үйіміз" субөңірлік ынтымақтастықтың халықаралық конференциясына қатысты.
Форум Қытайдың "Дуаньу" мерекесі қарсаңында өтті.