АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Ресей мен АҚШ президенттерінің әңгімесі екі сағаттан астам уақытқа созылды және мазмұнды әрі пайдалы болды, деді Владимир Путин.
Ресей басшысы Трампқа Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөзді қайта бастауға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Оның айтуынша, Ресей әскери іс-қимылдарды тоқтатуды жақтайды, бірақ бейбітшілікке жетудің ең тиімді жолдарын әзірлеу қажет.
Сондай-ақ ол әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұстанымын білдіргенін айтты.
Путин Ресей Украинамен меморандум, соның ішінде атысты тоқтату туралы келісім бойынша жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Ресей мен Украина барлық тарапқа тиімді ымыраға келу керек. Ең бастысы – Украина дағдарысының түпкі себептерін жою.
Путин тиісті келісімдерге қол жеткізілген жағдайда Украинада белгілі бір мерзімге атысты тоқтатуға болатынын баса айтты.