ҰҚШҰ аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады - Қошанов

Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысты
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы синтетикалық есірткіге қарсы күрес саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алады.
Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов көшпелі отырыста сөйлеген сөзінде айтты.
Ол сондай-ақ ҰҚШҰ аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын баса айтты.
"Қазақстандық депутаттар бұл жұмысқа белсенді түрде атсалысуға дайын. Оның үстіне, бізде бұл мәселелер бойынша заңдық әзірлемелер бар. Қазақстан президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша есірткі қылмыстары үшін жауапкершілік заңнамалық деңгейде айтарлықтай қатаңдатылды. Парламенттің ағымдағы сессиясының соңына дейін интернет-алаяқтық үшін жауапкершілікті де заңнамалық тұрғыдан күшейтуді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ, ол ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау саласындағы заңнамасын үйлестірудің маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуына және киберқауіптердің өсуіне байланысты заманауи сын-қатерлер мемлекеттерден киберкеңістіктегі қылмыстармен күресудің бірыңғай құқықтық тәсілдері мен тиімді тетіктерін әзірлеуді талап етеді.
Ал Қазақстан ҰҚШҰ қызметіне белсенді қатысуды жалғастыруға ниетті, деді мәжіліс спикері.
ҰҚШҰ Шығыс Еуропада төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады