Теміртаудағы жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел жазаланды

Ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, әйелге айыппұл салынды
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Теміртау қаласындағы жағажайда жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйел жазаланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот оларды қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал әйелге 78 640 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында "мамочки Темиртау" атты пабликте ер адам мен әйел адамның Теміртау қаласындағы жағажайда әдепсіз қылықтар жасағаны анықталған.
Қоғам
Бурабайда қос ғашықтың ұятсыз әрекеті видеоға түсіп қалды - полиция түсініктеме берді