Семейде полицейлер ұрланған көлікпен қашқан мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады

Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Семейде полиция қызметкерлері көлікті мас күйде айдаған жүргізушіні қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаменті.
Ұсталған азамат – 30 жастағы семейлік тұрғын. Тексеру барысында оның автокөлікті тұрғын үй ауласынан заңсыз айдап кеткені анықталды. Келтірілген шығын – 1,2 млн теңге.
"Бұған дейін ол осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Енді оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Полиция мас күйінде көлік жүргізу және заңды қайта бұзу ауыр қылмыс екенін ескертті.
Көлікті мас күйде жүргізгені үшін жаза өзгертіле ме – министрлік өз ұстанымын жариялады