АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Ыстамбұлда өткен келіссөздер аясында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың алдағы әңгімелесуі маңызды болады, деп мәлімдеді Ресей лидерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Әрине, Стамбулда өткен келіссөздерді ескерсек, әңгімелесу маңызды болмақ", - деді Песков журналистерге.
Песков Уиткоффтың Ресейге сапары туралы сұраққа да жауап берді.
"Ол мамыр айындағы мерекелерде Ресейге баруды жоспарлаған жоқ. Бұл қате ақпарат", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Путин мен Трамптың кездесуіне келетін болсақ, ол жақсы дайындалуы керек, деді Песков.
"Екі президент шешім қабылдайды. Кездесуді, әрине, пысықтау керек. Бірақ кез келген жағдайда президенттердің кездесуі нәтижелі болуы керек. Нәтижелі болуы үшін оған жақсы дайындық керек", - деді Песков.
Трамп 17 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен дүйсенбі күні телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты. Мемлекет басшылары Астана уақытымен сағат 19:00-де телефон арқылы сөйлеседі.