Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды

Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді.
"Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды. Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді", - делінген хабарламада.
Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Астанада АҚШ-тан елге контрабандалық жолмен есірткі алдыртқан азамат сотталды