Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктіктен құлады – видео

Бұл оқиға 18 мамырда болған
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Астаналық циркте гимнаст қыз бес метр биіктіктен құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл оқиға 18 мамырда болған. Әртіс қыз бала 5 метр биіктіктен құлап, жарақат алған. Оқиға орнынан оны жедел медициналық жәрдем алып кеткен.
"Диагнозы: бас-ми жарақаты және ми шайқалуы. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Қазіргі уақытта пациент ояну палатасында жатыр", - дейді дәрігерлер.
Өскеменде өрт сөндіруші үшінші қабаттан құлады – желіде видео тарады