"Алматы – Петропавл" рейсіне 1 шілдеден бастап өзгеріс енгізілді

1 шілдеден бастап бұл бағыт коммерциялық негізге ауысады
Sputnik
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. "Алматы – Петропавл" бағыты бойынша рейстер 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап коммерциялық негізге ауысады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, "Алматы – Петропавл" бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Сондыөқтан енді бұл бағыт коммерциялық негізде орындалады.
"Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталады", - деп жазылған хабарламада.
Дегенмен, тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады.
Айта кету керек, министрліктегілер рейстердің жиілігі сақталатынын хабарлады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат.
Гонконг авиакомпаниялары Астана мен Алматыға рейс ашуды жоспарлап отыр