АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Ресей жұма күні Түркияда өткен дипломатиялық күресте басым түсті, деді британдық талдаушы Александр Меркурис YouTube арнасында.
"Соңғы аптадағы оқиғаларды қалай бағаласақ та, бұл қиын, шатастыратын дипломатиялық ойында кім жеңгеніне күмән жоқ. Жеңімпаз Ресей болды", - деді ол.
Сарапшының пікірінше, Мәскеу келіссөздер басталғанға дейін атысты тоқтату идеясын дұрыс деп санамайды, өйткені Украина мен Ұлыбритания бұл келісімді өз мақсаттары үшін қолданатынын түсінеді.
Еске сала кетейік, жұма күні Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасында екі сағатқа созылған келіссөздер өтті.