Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді

Елде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2%-ін құрайды
Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдық жерлерде орналасқан, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
"2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Бүгінде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2%-ын құрайды – бұл шамамен 1,87 миллион адам. Салыстырар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,8% болған", - делінген хабарламада.
Орталықтар жұмысын бастағалы бері 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді, 3,8 мыңнан астам қызмет көрсетілді – олардың қатарында медициналық, психологиялық, мәдени және білім беру қызметтері бар. Мұның бәрі егде жастағы адамдарға белсенді болуға, денсаулық пен көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
"Нәтижелері көңіл қуантады – БҰӨО қызмет алушылары халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, "Алматы әжелері" ұжымы Италиядағы сән апталығында Қазақстанның атынан қатысып, Түркия мен Қырғызстандағы этнофестивальдерде жеңіске жетті", - дейді министрлік.
Қазақстанда өмір сүру жасы ұзарды