АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. 2025 жылдың 18 мамырында қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы "Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы" жаңа халықаралық бағытын сәтті іске қосты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Airbus A320 ұшағымен орындалған және 180 жолаушы мінген FS7199 рейсі діттеген жеріне сәтті жетті. Бірінші рейсте орын толық болды, бұл осы бағыттағы сұраныстың жоғары екенін растады", - делінген хабарламада.
"Алматы – Инин – Алматы" бағыты FlyArystan компаниясының Қытайға баратын екінші халықаралық бағытына айналғаны айтылды.
Ұшулар бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.