Абай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шықты

Қатты желдің салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған
Sputnik
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Семей қаласынан 12 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында қоқыс жанды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қатты желдің салдарынан өрт құрғақ шөпке тараған.
Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің жануын сөндіріп, кейін шамамен 2 гектар аумақта қоқыстың жануын сөндірді. Бірнеше сағатта өрт оқшауланды.
"Оқиға орнында, жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Астанада "Шапағат" сауда үйінде өрт шықты