Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Федерация кеңесі Ыстанбұлдағы келіссөздерге баға берді

Sputnik
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ресей Федерация кеңесі халықаралық комитетінің басшысы Григорий Карасин Ыстанбұлда өткен келіссөздерге қатысты пікір білдірді.
16 мамырда Ыстанбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері өтті. Карасиннің ойынша, Ыстанбұлдағы келіссөздер шиеленісті реттеуге жол аша алады.
"Түркиядағы келіссөздерді Украинадағы дағдарысты реттеу жолындағы маңызды меже ретінде қабылдауымыз керек. Себебі үш жылдық кескілескен текетірестен кейінгі алғашқы бетпе-бет кездесу өзара байланыс мен нақты мәселелерді шешуге жол ашты", - деп жазды Карасин өзінің Telegram-арнасында.
Айта кетері, Ыстанбұлда өткен келіссөздер екі сағатқа созылды. Сол делегациялар 1000 тұтқынмен алмасуға келісті. 2022 жылдан бері бұл ең көп тұтқынмен алмасу болып саналады.
Сондай-ақ, Украина тарапы екі ел басшыларының кездесуіне сұрау салды. Ресей келіссөздерді ары қарай жалғастыруға дайын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина делегациясы Ыстанбұлдағы келіссөз өтетін жерге келді