Жамбыл облысында 11,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Облыста 378 мың гектар жер пайдаланылмай бос жатқан
Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысында 3 айда пайдаланылмай жатқан 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, дейді облыстық әкімдіктегілер.
Әкімдіктің хабарлауынша, қайтарылған жайылымдар жергілікті тұрғындардың мал жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріледі, қалған жерлер конкурс арқылы тапсырылады.
"Облыста 378 мың гектар жер пайдаланылмай бос жатқан. Қазіргі уақытта елді мекендердің жер көлемі 363 мың гектардан 741 мыңға дейін ұлғайды. 2025 жылы тағы 20 мың гектарға өсу жоспарлануда", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда 41 елді мекеннің 17-сінде жайылым тапшылығы мәселесі шешілген. 9 елді мекенде бұл мәселе биылғы жылдың соңына дейін шешіледі. Алайда, 15 елді мекенде халық тығыздығы мен қала шегіне жақын болғандықтан жайылым тапшылығы мәселесін толық шешу мүмкін емес болып тұр.
Ұлытау облысында 90 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды