АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Украина делегациясы Ыстанбұлдағы Түркия және АҚШ-пен келіссөз өтетін жерге келді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Анкара, Вашингтон және Киев арасындағы үшжақты келіссөз басталды", - деп хабарлады Түркия сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз.
Ресей делегациясы Ыстанбұлдағы келіссөз өтетін жерге әлі барған жоқ.
Бұған дейін Ресей президенті 15 мамырда Ыстанбұлда Украинаға алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынған болатын. Владимир Путин тиісті келіссөз барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келе алатынын жоққа шығармады.