Фестивальде жетекші ресейлік және халықаралық дизайнерлердің топтамалары ұсынылды.
Әр топтама заманауи стиль мен ұстамдылықты біріктіреді.
Бұл жылы ер адамдарда сән көрсетіліміне қатысқаны күтпеген жаңалық болды.
Бұл киім үлгілері ерлерге арналған киімдердің барынша қарапайым стилін көрсетеді.
Қатысқандар қатарында Умед Кучкалиев – Тәжікстан, MIN_ZIFA – Ресей, Уфа, MARGA – Ресей, Владивосток, Aadima – Катар, Danjyo Hiyoji – Индонезия, Atiya Khan – Пәкістан, SHEHNA HUSSAIN – БАӘ және Amal Al Raisi – Оман сынды брендтер бар
Modest fashion - жай ғана стиль емес, бұл философия
Ұстамды әрі жабық киім адамның құндылықтары мен өмір стилін сипаттайды.
Мұндай киім үлгілері әлемде кеңінен таралып жатыр.
Сән фестивальдері мәдениеттер мен салт-дәстүр диалогының плафтормасына айналды.
Фестиваль ұстамды, жабық киім үлгілерін дайындайтын дизайнерлер үшін қолдау құралы болды.
Фестивальде дизайнерлер тәжірибе алмасу, халықаралық сарапшылармен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Биыл Modest Fashion Day 2025 фольклор мен ұлттық мұраны біріктіріп, сән әлеміндегі трендтерді үйлестірді.
Мұнда түрлі мәдениеттер диалогына мүміндік жасалды.
Фестивальда өткен шақ пен болашақ, бірегейлілік пен инновация бірікті.
Сән көрсетілімі өткен шақтан қол үзбей болашаққа көз салуға мүмкіндік берді.
Әлемнің алуан түрлілігі мен бірегейлігін еске салды.
Дизайнерлер өз топтамасында дәстүр мен заманауилықты біріктіріп қолданған.
Көптеген дизайнердің есімі сән әлемінде танымал бола бастады.
Дизайнерлер заманауи стильде этникалық үлгілерді қолдана отырып, мәдениет күнделікті өмірдің бір бөлшегі екенін көрсете білді.
Фестивальде дизайнерлер сән үлгілері арқылы қарапайымдылықтың әдемілігін көрсетуге тиіс болды.