Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Украина 1000 тұтқыннан алмасады - Мединский

Келіссөздер екі сағатқа жуық уақытқа созылды
Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Ресей делегациясы Украинамен Ыстанбұлда өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді, деп хабарлады РИА Новости.
Делегация басшысы Владимир Мединский Ресей мен Украина арнайы әскери операция басталғаннан бергі ең ірі тұтқын алмасуды - әр тараптан 1000 тұтқыннан айырбастауды дайындап жатқанын мәлімдеді.
Тұтқын алмасу жақын арада өтуі керек.
"Ресей мен Украина болашақта ықтимал атысты тоқтату туралы өз көзқарастарын егжей-тегжейлі көрсетеді, содан кейін келіссөздер жалғасады", - деді Мединский.
Мединский сондай-ақ Украина делегациясы мемлекет басшыларының тікелей келіссөздер жүргізуін сұрағанын және Ресей мұны ескергенін хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Түркия Ыстанбұлда Ресей, АҚШ және Украинамен үш жақты кездесу өткізіп жатыр – онлайн