Қазанда жас аспаздардың Young Chefs International халықаралық байқауы өтіп жатыр

Іс-шара "Ресей - Ислам әлемі: Kazanforum" форумы аясында ұйымдастырылады
Sputnik
АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Қазанда жас аспаздардың халықаралық турнирі өтіп жатыр.
Жас аспаздардың халықаралық турнирі
Іс-шара "Ресей - Ислам әлемі: Kazanforum" XVI халықаралық экономикалық форумы аясында ұйымдастырылды.
Жас аспаздардың халықаралық турнирі
Өзбекстан, Ресей, Сауд Арабиясымен қоса қазақстандық аспаздар да турнирге қатысады. Ұйымдастырушылар ислам елдерінің жас аспаздар турнирі әлемдік ауқымға дейін өсуі мүмкін дейді.
Жас аспаздардың халықаралық турнирі
Бұл іс-шара осымен екінші рет ұйымдастырылды. Бірінші турнирмен салыстырғанда қатысушылардың географиясы кеңейе түсті.
Жас аспаздардың халықаралық турнирі
Жас аспаздар өз елінің үш түрлі тағамын дайындауы керек. Олардың екеуін қатысушы қазылар алқасына, біреуін презентация үстеліне ұсынады. Қазылар алқасының құрамына турнирге қатысушы барлық елдің өкілдері мен жергілікті сарапшылар кіреді.
Жас аспаздардың халықаралық турнирі
2022 жылы Ресей президентінің Жарлығымен федералдық мәртебеге ие болған "Ресей – Ислам әлемі: KazanForum" халықаралық экономикалық форумы 14-16 мамырда 16-шы рет өтуде. Бағдарламада 200 іс-шара бар.