АСТАНА, 16 мамыр - Sputnik. Астанадағы "ЭКСПО" халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің VIII "Ulttyq ónim" көрмесі ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрмеде Қазақстанның әр өңірінде өндірілетін өнімдер ұсынылды. Бұл жыл сайынғы көрмеде биыл 350 қазақстандық өндіруші өз өнімдерін көрсетті.
Қатысушылар арасында азық-түлік өнімдерінен бастап, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, машина жасау, медициналық құрал-жабдықтар, зергерлік бұйымдар және басқа да тауарлар ұсынылды.
Астанада "Ulttyq ónim" көрмесі ашылды
"Ulttyq ónim" көрмесі аясында отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар өтеді. Оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Қатысушылар Қазақстандағы бизнестің қазіргі трендтерін, қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылайды.
Сондай-ақ, үш күн ішінде "Халық таңдауы" тәуелсіз дәм тату конкурсы, Қазақстанның жетекші өндірушілерінің әйелдер мен ерлер киімдерінің топтамалары көрсетілімі, кәсіпкерлердің шеберлік сыныптары және күнделікті сыйлықтар ұтысы өтеді. Барлық шара концерттік бағдарлама аясында ұйымдастырылады.
Көрме 18 мамырға дейін жалғасады.