Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина делегациясы Ыстанбұлға жұма күні барады - Зеленский

Ресей президенті бұған дейін 15 мамырда Ыстамбұлда Украинаға алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын
Sputnik
АСТАНА, 15 мамыр - Sputnik. Анкарада өткен баспасөз мәслихатында Владимир Зеленский Украинадан келетін келіссөз тобы жұма күні Ыстамбулда болатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен Ыстамбулға жіберіп жатқан топ ертең сонда болады", - деді Зеленский.
Ресей президенті бұған дейін 15 мамырда Ыстамбұлда Украинаға алдын ала шартсыз тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынған болатын. Владимир Путин тиісті келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келе алатынын жоққа шығармады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, Ресей ұзақ мерзімді бейбіт реттеуге қол жеткізу жолдарын байыпты түрде іздеуге көшті.
Түркияға келіссөздерге аттанған ресейлік делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды.