АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркияның Анталия провинциясында НАТО сыртқы істер министрлерінің екі күндік бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесу 14-15 мамырға жоспарланған. НАТО бас хатшысы Марк Рютте Түркияға сейсенбіде келіп, Анкарада президент Режеп Тайып Ердоғанмен және Анталияда Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесу өткізіп үлгерді.
Атап айтқанда, Ердоған Рюттеге Түркияның Украинадағы қақтығысты тоқтату бағытындағы іс-қимылды күшейткенін айтты. Оның пікірінше, альянс қақтығыстың бір бөлігі болмауы керек.
Кездесудің негізгі бағдарламасы бейсенбіге жоспарланған, министрлер кездесуінен кейін НАТО бас хатшысы, сондай-ақ Түркия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Фидан баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.
Анталиядағы кездесу сәуір айының ортасында белгіленген болатын, бірақ ол енді 15 мамырда Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөзбен қатар өтеді.