Түркістанда қаза тапқан полицейдің жесірі сот арқылы 14 млн теңге өндірді

Сот қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері жесірінің арызын қарады
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Түркістанда сот полицейдің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын анықтап, өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта 2008 жылдан бері әскери қызметте болған полиция капитаны 2022 жылдың қазан айында стадионда өткен спорттық іс-шара кезінде қаза болғаны анықталды. Осыған қарамастан полиция департаменті өтемақы төлеуден бас тартқан.
Марқұмның әйелі сотқа арызданып, күйеуі қызметтік міндетін атқарып жүргенде көз жұмғанын айтып, өтемақы талап еткен.
Сот оның талап арызын ішінара қанағаттандырып, марқұмның қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болғанын мойындап, полиция департаментін 14 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.
Қаулы заңды күшіне енді.
Түркістан облысында 27 жастағы полицей қызмет атқару кезінде көз жұмды