Сара Назарбаева қайтыс болды - Айдос Үкібай ақпаратты жоққа шығарды

Бұған дейін мұндай ақпарат былтыр да тараған болатын
Sputnik
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның дүниеден озғаны туралы ақпарат тарады.
Бірақ Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп жатқан көптеген сауалға жауап бере отырып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның ауруханада ем алып жатқанын хабарлаймын. Оның дүниеден озғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды Айдос Үкібай.

Еске салайық, дәл осындай ақпарат былтыр желтоқсан айында да тараған болатын.
Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған болып шықты