АСТАНА, 14 мамыр - Sputnik. 2075 жылға дейін Кентау қаласының өнеркәсіптік аймағы төтенше экологиялық жағдай аймағы болады, деп хабарлады экология министрлігі.
50 жыл бойы 900 гектар аумаққа ерекше кіру және шығу режимі қолданылады. Сондай-ақ бұл аймақта қызметі төтенше жағдайды жоюмен байланысты емес жаңа кәсіпорындар мен басқа да объектілерді салуға және жұмыс істеп тұрған нысандарды кеңейтуге тыйым салынды.
Ал тұрғындар міндетті түрде тұруға қауіпті жерлерден қоныс аударады. Оларға үй-жай беріледі, деп хабарлады министрліктегілер.
Сондай-ақ сауықтыру және курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Жалпы қоршаған ортаға қауіп төндіретін кез-келген басқа қызметке тыйым салынады немесе шектеу қойылады.