Абай облысында ұлттық парк қызметкерлерінің дипломы жалған болып шықты

Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Абай облысында ұлттық парк қызметкерлерінің дипломы жалған екені анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Үржар ауданында 15 инспектордың жоғары білім туралы дипломы жалған болып шықты. Олар "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ-не жұмысқа істеген.
"Олардың кейбірі ұлттық парк жүйесінде 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі "Көрінеу жалған құжатты пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомство.
Көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.
Жалған дипломмен ұсталған 250 бапкердің ішінде басшы да бар - Антикор