ҰҚШҰ Ауғанстан халқына гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсетуді жалғастырады

ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесі бұл елдегі жағдайды бақылауды жалғастыру керек екеніне сенім білдірді
Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр - Sputnik. ҰҚШҰ хатшылығында ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесі жанындағы Ауғанстан бойынша жұмыс тобының 41-ші отырысы өтті, деп хабарлады ұйымдағылар.
Шараға ұйымға мүше мемлекеттердің делегациялары мен түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
"Ауғанстандағы ағымдағы жағдай бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасу болып, осы елдің аумағынан туындайтын жоғары ықтимал тәуекелдер мен қауіптердің жалғасып жатқаны айтылды", - делінген хабарламада.
Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан Ауғанстан халқына гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсетуді жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ олар Ауғанстандағы жағдайды бақылауды жалғастырудың және осы елде бейбітшілік процесін орнатуға ықпал етудің орындылығы туралы ортақ ұстанымды білдірді.
Отырыс соңында отырыстың хаттамасы қабылданды.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып сайлануымен құттықтады