Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мадуро Еуропаны Мәскеу мен Киев арасындағы диалогқа араласпауға шақырды

Саясаткердің пікірінше еуропалық билеуші топтар XX ғасырдағыдай тағы да "абсолютті ессіздік" кезеңіне өтті
Sputnik
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Венесуэла президенті Николас Мадуро Мәскеудің Киевпен тікелей келіссөз бастау туралы ұсынысынан кейін еуропа басшылары Ресейге қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Президент Владимир Путин байыпты ұсыныс жасап еді, Еуропа лезде бопсалауға көшті. Еуропа халқы шынымен де тағы бір соғысты қолдай ма? Неліктен еуропа элитасы соғысты, милитаризмді және зорлық-зомбылықты қалайды?" – деді Венесуэла президенті өзінің "Мадуромен+" телебағдарламасының эфирінде.
Саясаткердің пікірінше еуропалық билеуші ​​топтар XX ғасырдағыдай тағы да "абсолютті ессіздік" кезеңіне өтіп, ойран салуға тырысып бағуда.
"Бұл соғыс кімге керек? Неліктен алпауыт держава болуға, дамуға құқығы бар Ресейге осыншалық өшпенділік қайдан пайда болды? Неліктен еуропалық элита ұсақталып кетті, қызғаныштың себебі неде?", — деп сұрақ қойды Венесуэла басшысы.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ердоған: Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға дайын