Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалім жалақысын уақтылы ала алмаған

9 мектепте 298 мұғалімге уақтылы жалақы берілмеген
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында мұғалімдер 80 млн теңге жалақысын уақтылы ала алмаған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
9 мектепте 298 мұғалімге уақтылы жалақы берілмеген. Берешек сомасы – 80 млн теңге. Бұл мәселені Ерейментау ауданының прокуратурасы анықтады.
"Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқықтары қорғалды", - деп жазды ведомство.
Бұл бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасады, дейді прокуратура.
Былтыр кәсіпорындар жұмысшыларға 4,5 млрд теңге қарыз болған