Ақтөбеде екі адамды өлтіріп кетті: тергеу аяқталды

Күдікті танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасы мен өгей әкесін өлтірген
Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде жер үйлерінің бірінде екі адамды өлтіру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
"Тергеу барысында күдікті танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
"Арлан" арнайы бөлімшесінің жедел әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.
Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Атырауда мұнай компаниясының қызметкерін өлтіріп кетті