Жеңістің 80 жылдығы

80 жыл бұрын Кеңес әскері Қырымды фашистік басқыншылардан толық азат етті

Түбектегі жеңіліс Германия үшін нағыз апат болды
Sputnik
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Осыдан 80 жыл бұрын, 1945 жылы 12 мамырда Кеңес әскері Қырымды фашистік басқыншылардан толық азат етті.
Фашистер үшін Қырымдағы жеңіліс аумағы бойынша Сталинградқа тең келетін апат болды. Оккупацияланған Қырымды Румыния бөлімшелері де кіретін 17-ші неміс армиясының әскері қорғауға тырысты. Фашистердің жалпы саны 200 мың адам болды.
Қызыл Армияның Қырым шабуыл операциясы 1944 жылы 8 сәуірде басталып, 15-16 сәуірде Кеңес әскері Севастопольге жетіп, 9 мамырда қаланы азат етті. 12 мамырда әскер Қырымдағы басқыншыларды біржола талқандады.
Фашистер қашып кетер алдында Старый Қырымның жергілікті тұрғындарын қырғынға ұшыратып, адамшылыққа жатпайтын қылмыс жасады.
1944 жылы 12 сәуірде олар 590-ға жуық әйелді, балаларды және қарттарды өлтірді.
Нацистердің жоспары бойынша Қырым басып алынғаннан кейін "Готенландтың" колониясына айналуға тиіс еді. Олар немістерді сонда қоныстандырып, жергілікті халықтың көпшілігін жойғысы келді.