Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған: Түркия Ресей мен Украина арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға дайын

Sputnik
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Ресейдің Украинамен тікелей келіссөздер жүргізуіне мүмкіндік ашылды, деді Режеп Тайып Ердоған Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Ердоған бейбітшілікке жету үшін "мүмкіндіктер терезесі" ашылғанын және жан-жақты атысты тоқтату жөнінде келіссөздер үшін қажетті атмосфераны қамтамасыз ететінін айтты", - делінген Түркия әкімшілігінің мәлімдемесінде.
Түрік билігінің айтуынша, Ердоған Путиннің Стамбулдағы Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді тоқтаған жерінен жалғастыру қажеттігі туралы мәлімдемесін құптайтынын және Түркия қақтығысты толық шешетін келіссөздерді қабылдауға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, Путин Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Бұл ұсынысқа қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та пікірін айтты. Ол екі тараппен де жұмысты жалғастыруға уәде берді. Өз кезегінде Владимир Зеленский 12 мамырдан бастап атыс толық тоқтаған жағдайда Украина кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Путиннің ұсынысына қатысты пікір білдірді