Астанада құтқарушылар ер адамды аман алып қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 мамыр - Sputnik. Астанада құтқарушылар көпірге шығып алған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ер адам Қараөткел көпірінің биігіне шығып алған.
"Сарыарқа ауданында 1993 жылы туған ер адам көпірдің арасына шығып алған. Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары ер адамды аман-есен түсіріп алды", - дейді ведомстводағылар.
Оны полицияға тапсырған. Құтқарушылардың айтуынша, ер адамның биікке не үшін шығып алғаны белгісіз.
Ақкөлде полицейлер ваннадан шыға алмай жатқан қарт адамды құтқарды