Тоқаев "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирін тамашалады

Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Президент "Qazaqstan Barysy Grand Slam" дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды, деп хабарлады Ақорда.
Турнирді мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.
Ресми дерекке сәйкес, биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.
Қазақстандық дзюдошылар арасынан жеңіске жеткендер:
Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) - күміс жүлде;
Талғат Орынбасар (-60 келі) - күміс жүлде;
Мағжан Шамшадин (-60 келі) - қола жүлде;
Аман Бақытжан (-60 келі) - қола жүлде;
Есет Қуанов (-73 келі) - қола жүлде;
Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) - қола жүлде.
Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр.
Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесті