​​Ақтау портының акваториясы тереңдетіледі

Акватория кемінде 1,5-2 метрге тереңдетіледі
Sputnik
АСТАНА, 10 мамыр - Sputnik. Ақтау портының акваториясы тереңдетіледі, деп хабарлады көлік министрлігі.
Ақтау портының акваториясындағы Каспий теңізінің түбін тереңдету кеме қатынасының қауіпсіздігін сақтау үшін қажет болып отыр. Акватория кемінде 1,5-2 метрге тереңдетіледі.
Жұмыстарды биылғы жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.
Бүгінде Ақтау порты арқылы 15 млн тонна жүк өткізіледі.
Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалдау көлемі қаңтар-наурыз айларында 3,5 есеге ұлғайып, 25 мың жиырма футтық эквивалентті құрады.
Қытай, Қазақстан және Ресейді жаңа теміржол және өзен порты байланыстырады