Жеңістің 80 жылдығы

Жеңісті жақындатуға әр республика өлшеусіз үлес қосты - видео

Кеңестік республикалар Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Барлығы Жеңіс үшін еңбек етті.
Sputnik
Миллиондаған адам қан майданға аттанды. Жауынгерлер асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Тылдағы жұрт тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.