Жеңістің 80 жылдығы

ҰОС батырларының портреттері бейнеленген пойыздар Астанадан жолға шықты

Арнайы безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды
Sputnik
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Жеңіс күніне орай Астанадан арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Мерекеге орай екі пойыз – №3/4 "Астана–Алматы" бағытындағы Тальго пойызы және №6803 "Астана–Атбасар" электр пойызы мейрамға сай безендірілді. Бұл пойыздар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырларына арналған.
ҰОС батырларының портреттері бейнеленген пойыздар Астанадан жолға шықты
"Вагондардың сыртына Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев сияқты ел жадында қалған ерлердің портреттері мен алғыс сөздері бейнеленді. Сондай-ақ, жолсеріктердің киіміне тағылған жеңіс ленталары да мерекелік әсерді күшейте түсті", - деп жазылған хабарламады.
Арнайы безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынап, жолаушыларға соғыс жылдарының ерлік шежіресіне тағы бір үңілуге мүмкіндік береді.