АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуде жүр. Таңертең Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысты. Іс-шараға 29 елден делегациялар барды.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Мәскеудегі Жеңіс шеруінде қатысқан қазақстандық әскери қызметшілер
© Photo : Сайт Минобороны Казахстана
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.