АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясының Өскемендегі Бас консулы Алан Хетагуров Ресей Федерациясының федералды органдарының өкілдерімен және ресейлік отандастар ұйымының басшыларымен бірге "Жеңіс" мемориалдық кешеніндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Сонымен қатар ресейлік дипломаттар Шығыс Қазақстан облысының татар мәдени орталығының өкілдерімен бірге Кеңес Одағының Батыры, ақын Мұса Жәлелдің бюстіне гүл шоқтарын қоюға қатысты.
Аға саяси жетекші Мұса Жәлел Ленинград және Волхов майдандарында шайқасты. 1942 жылы маусымда кеудесінен ауыр жараланып, тұтқынға түседі.
Өскеменде ресейлік дипломаттар Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға қатысты
© Photo : Генконсульство РФ в Усть-Каменогорске
Жәлел концлагерьде жүргенде тұтқындар арасында саяси жұмыс жүргізіп, қарсылық пен күреске шақыратын өлеңдерін таратады. Жала жапқандардың әрекетінен Мұса өлім жазасына кесіліп, 1944 жылы Берлинде ату жазасына кесілді.
1956 жылдың 2 ақпанында фашистік басқыншылармен шайқаста көрсеткен ерекше табандылығы мен батылдығы үшін оған қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Өскеменде ресейлік дипломаттар Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға қатысты
© Photo : Генконсульство РФ в Усть-Каменогорске
Сонымен қатар, Бас консул Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеуге орайластырылған ағаштан жасалған бұйымдар ұсынылған Юрий Костанянц халық қолөнерінің музей-үйінде болды.