Жеңіс парадына Қытай, Бразилия және ТМД елдерінің басшыларын қосқанда 20-дан астам мемлекет пен үкімет басшылары қатысады. Шақырылған қонақтардың қатарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Биыл Мәскеудегі Жеңіс парадына шетелдік әскери бөлімдер де қатысады. Әзербайжан, Вьетнам, Беларусь, Египет, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сияқты 13 елдің сарбаздары Қызыл алаңда жүріп өтеді.
Қызыл алаңдағы шеруге Қазақстаннан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының парадтық есеп тобы барды.