АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанада Ресей мен Беларусьтің Қазақстандағы елшілері Алексей Бородавкин мен Алексей Богданов Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етті.
Ресей мен Беларусь елшілері Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Дипломаттар Астанадағы "Отан-Ана" монументіндегі Мәңгілік алауға және панфиловшылар ескерткіші жанындағы алаңға гүл шоқтарын қойды. Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, елшілік мерейтойлық Жеңіс күнін лайықты атап өтуге арналған түрлі іс-шаралар өткізуде.
Ресей мен Беларусь елшілері Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
Іс-шараға Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары да қатысты.
Ресей мен Беларусь елшілері Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Бүгін біз достарымызбен бірге Отан ана монументі мен Мәңгілік алауға және Батыр Панфиловшылар ескерткіші жанындағы алаңға гүл шоқтарын қойдық. Гүл қою рәсімін ұйымдастырған Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне алғысымызды білдіреміз", - деді Бородавкин.
Беларусь елшісі Алексей Богданов бұл ортақ жеңіс және ортақ мереке екенін айтты.
"Себебі Кеңес Одағының бір шаңырақ астында өмір сүрген барлық халқы фашизм мен нацизмге қарсы күресті. Біз ортақ күш-жігерімізбен жеңіске жеттік. Ата-бабаларымызды еске алайық. Тәуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескендерді жадымызда сақтап, көзі тір ардагерлерді құрметтейік", - деді Богданов.