АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшылары 9 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне қатысу үшін Мәскеуге барып жатыр.
Sputnik Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды шараның онлайн көрсетілімін жүргізеді.
Жеңіс парадына қатысу үшін 20-дан астам мемлекет пен үкімет басшылары Ресейге барады деп күтілуде. Шақырылған қонақтардың қатарында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.