Жеңістің 80 жылдығы

Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагеріне 5 млн теңге біржолғы көмек беріледі

Өңірдегі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Грецкий Хромтау ауданында тұрады
Sputnik
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
"Ақтөбе облысында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, сонымен қатар соғыс жылдарында кемінде 6 ай еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне жергілікті бюджеттен біржолғы материалдық көмек бөлінді", - делінген хабарламада.
Қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімімен облыста 4 336 адамға қарастырылған төлемнің жалпы сомасы 1 076,8 млн теңгені құрайды.
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 353 880 теңге береді. Тыл еңбеккерлері 153 348 теңгеден алады.
Ал облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Хромтау ауданында тұратын Василий Иванович Грецкийге 5 млн теңге беріледі.
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді