АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Астанадағы әскери парад тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Алматыда елордадағы Жеңіс парады тікелей эфирде көрсетіліп жатыр
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Sputnik тілшісі іс-шараға мыңдаған көрермен жиналғанын хабарлады.Олар – әскери қызметкерлер, жас курсанттар, ардагерлер және қала тұрғындары.
Ал Астанадағы трибунаға 5 мыңнан астам қонақ – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер мен дипломаттар жиналды. Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары да келді.
Шеруді Алматыдан бөлек басқа өңірлердің тұрғындары да тамашалауда. Парад үлкен экрандарда және интернетте көрсетіліп жатыр.