Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО басшысы Украинаның Еуроодаққа қосылуын тездетуге шақырды

Ол осы бағытта жұмыстар жасалып жатқанын, бірақ оны үдету керектігін айтты
Sputnik
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Украинаның қосылу процесін тездетуі керек деді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Украинаның одаққа мүше болу жолын жеделдетуіміз керек. Бұл тек Украинаның ұмтылысы емес. Бұл қауіпсіздіктің ең сенімді кепілі бола алады", - деді Еурокомиссия басшысы.
Ол осы бағытта жұмыстар жасалып жатқанын, бірақ оны үдету керектігін айтты.
"Біз Украинамен қосылу туралы келіссөздердің бірінші кластерін ашу және 2025 жылы барлық кластерлерді ашу үшін бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Украинаның біздің одаққа қосылуы - Еуропалық одақтағы бейбітшіліктің ең үлкен кепілі", - деді Урсула фон дер Ляйен.